Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың халыққа есеп беру кездесуінде мінбердегі елтаңба құлап қалды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жамбыл облысы басшысы Бердібек Сапарбаев 19 ақпанда онлайн форматта халық алдында есеп беру кездесуін өткізді. Тікелей эфирде аймақ тұрғындары әкімге сұрақтарын қойды. Екі сағаттан астам уақытқа созылған кездесу әлеуметтік желілерде таратылды.
Бәрі орнына келгеннен кейін Сапарбаев сұраққа жауап беруді жалғастырды. Бірақ микрофон өшірулі болған. Оны модератор қосып берді.