#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ҚТЖ басшысы Сауат Мыңбаев жарақат алды

"Қазақстан темір жолы" басшысы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылданып жүріп жарақат алды.

22 қаңтарда Әлеуметтік желілерде Мыңбаевтың «омыртқасы ауыр жараланды» деген ақпарат пайда болды. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, ол немістің Charité («Шарите») клиникасына жеткізілген.

Алайда кейінірек ұлттық компания өкілдері бұл қауесетті жоққа шығарды. Сауат Мыңбаевтың денсаулығына қауіп жоқ екенін хабарлады.

«Сауат Мыңбаевтың денсаулығы туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған ақпаратқа қатысты мынаны хабарлаймыз. «Қазақстан темір жолы» «ҰК» АҚ басқарма төрағасы спортпен шұғылдану кезінде жарақат алды. Қазіргі уақытта ол емделіп жатыр. Оның денсаулығына еш қауіп жоқ», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Сауат Мыңбаев 2018 жылы 20 қарашада «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы болып тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар