Еліміздің бас басылымы «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Бұған дейін «Нұр Астана» республикалық жастар апталығының бас редакторы қызметінде болған. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Ғабит Іскендерұлының «Рухыңды түсірме, ұлым» (2010 жыл) атты публицистикалық шығармалар жинағы жарық көрген.
Айта кетейік, бұған дейін Басқарма төрағасының орынбасары – бас редактор қызметін атқарып келген Айбын Шағалақ «Egemen Qazaqstan» РГ АҚ Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.