Қазақстанда кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен енгізу басталды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бірінші кезеңде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайларына декларациялауды бастау ұсынылады.
Екінші кезеңде 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап — мемлекеттік кәсіпорындардың (оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт) қызметкерлері және олардың жұбайлары.
Үшінші кезеңде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап — заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.
Төртінші кезеңде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап — халықтың қалған санаттары.
Әр кезеңнің нәтижелері талданып, проблемалық мәселелер анықталып, заңнаманы, әдістеме мен ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша шаралар қабылданады.
Жалпыға бірдей декларацияны енгізген кезде қай жеке тұлғалардан декларация тапсыру талап етіледі?
Қазақстанның кәмелет жасқа толған азаматтары, оралмандар және тұруға ықтиярхаты бар адамдардан;
тұрғын үй құрылысына үлесі, оларға тіркелген мүлік, банктік шоттардағы ақшасы, дебиторлық және (немесе) кредиторлық қарыздары бар кәмелетке толмағандардан;
Қазақстанда мүлкі немесе тұрғын үй құрылысында үлесі бар шетелдіктерден.
Декларация тапсыру мерзімі
Декларация тапсырудың екі мерзімі бар:
15 шілдеден кешіктірмей — қағаз жүзінде;
15 қыркүйектен кешіктірмей — электронды түрде.