#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Ақтөбе облысында шахтада төрт адам қайтыс болды

Ақтөбе облысы Хромтау ауданында шахтада төрт адам қайтыс болды, бір адам зардап шекті.

Ақтөбе облысы Хромтау ауданында шахтада төрт адам қайтыс болды, бір адам зардап шекті. Бұл туралы аймақ әкімдігінің Instagram желісіндегі парақшасында жазылды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«30 желтоқсанда 21 сағат 21 минутта (Ақтөбе уақыты бойынша) Хромтау ауданының өрт сөндіру бөлімінің пультіне Көктау кентінен 30 шақырым жерде орналасқан «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС «Весенняя Аралчинская» шахтасында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде төрт жарушының қаза болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнында барлау жүргізу кезінде 1 зардап шегуші және 4 адам қаза тапқаны анықталды», — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметіне қарағанда, қазір зардап шегушіні медицина қызметкерлері тексеріп, оқиғаның себебі анықталып жатыр.

«Оқиға орнына жедел түрде облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасы бойынша мән-жайды анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Сәлімгерей Бекбергенов және ТЖД қызметкерлері шықты», — деп хабарлады әкімдік.

Соңғы жаңалықтар