Кездесу барысында сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарымен таныстырдым. Партияның ауданды дамытуда нақты жеті басымдықпен жұмыс жасайтынын, оның ішінде экономикалық тұрақты аудан, жайлы аудан, әлеуметтік бағдарланған аудан, жастарға арналған аудан, тарих пен мәдениетті дамыту, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз аудан бағыттары бар екендігін атап өттім.
«Елімізде сайлау өтетінінен хабардармыз. «Nur Otan» партиясы жетекші партия ретінде түрлі жобаларды жемісті жүзеге асырып келеді. Түйткілді мәселелер де партияның жіті бақылауында. Партияның бағдарламасымен таныспыз. Қолдау білдіреміз», — деді ұжымның атынан сөз алған Ғазиз Нышанбаев. Сондай-ақ 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсене қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге үгіттедім.
«Nur Otan» партиясы Cозақ аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді.