Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Талдықорған қласында 120 коттедж қолданысқа берілді. Қоныс тойын тойлаушылар қатарында көп балалы отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлері бар. Тұрғын үй кілтінің бір парасы дәрігерлерге табыс етілді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz.басылымына сілтеме жасап.
— Коттедж қалашығының бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша жалпы ауданы 56,6 мың шаршы метр, құны 8,5 млрд.теңге болатын 620 жеке тұрғын үй құрылысы қарастырылған. Бүгінгі күнге дейін аумағы 19,5 мың шаршы метрді құрайтын 228 коттеджге бұқара тұрақтанды. Мұнымен өңір халқын баспанамен қамту ісі толастап қалмады. Еліміздің басты мерекесіне орай, ауданы 12,3 мың шаршы метр болатын 120 үй қолданысқа берілді. Аталған нысанды салуға 887,0 млн.теңге қаржы жұмсалған. Ел игілігіне берілген бұл үйлер 12 бөлікке бөлінген, әр бөлімде 4 үй жапсарласа салынған. Бұл өңір басшылығының тұрғындарға деген қамқорлығы,- деді тұрғын үй кілтін тапсыру салтанатында Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов.