#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары белгілі болды

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссияның шешімімен «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша магистратура мен докторантураға оқуға баратын, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамаға жіберілетін 123 үміткер анықталды.

Бұған дейін 2020 жылғы конкурстық іріктеудің екі легінің нәтижесінде Комиссия шешімімен 163 стипендия тағайындалған болатын.

Қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 621 стипендиат білім алып жатыр, атап айтқанда, 524 стипендиат 19 елде, 97-сі Қазақстан аумағында қашықтан оқиды.

Соңғы жаңалықтар