Алматы халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР анықтамасымен келген шетел азаматы депортацияланды,- деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
2020 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасының аумағына Египет, БАӘ, ҚХР, Грузия, Ресей Федерациясы, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.
2 578 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 311 адам, анықтамасыз 267 адам келді. Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына — 10 рейс, 1 604 жолаушы, анықтамамен — 1438, анықтамасыз — 166.
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына — 7 рейс, 617 жолаушы, анықтамамен — 578, анықтамасыз — 39;
- Ақтөбе қаласының әуежайына — 1 рейс, 228 жолаушы, анықтамамен — 169, анықтамасыз — 59;
- Атырау қаласының әуежайына — 1 рейс, 97 жолаушы, анықтамамен — 94, анықтамасыз — 3;
- Ақтау қаласының әуежайына — 1 рейс, барлық 32 жолаушы анықтамамен келді.
«Анықтамасыз қазақстандықтар келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижелері бойынша бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.
Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген шетелдік, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды», — делінген хабарламада.