#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Тұңғыш Президент күні қарсаңында деректі фильмдер топтамасы көрсетіледі

Келесі жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтіледі. Тәуелсіздік жолы күрделі реформалар мен қиын шешімдер кезеңі болды.

Келесі жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтіледі. Тәуелсіздік жолы күрделі реформалар мен қиын шешімдер кезеңі болды. Нәтижесінде Қазақстан халықаралық аренада нарықтық экономикасы бар заманауи мемлекетке айналды. Жас ұрпаққа еліміздің даму жүйесінің қалыптасу нәтижелерін түсіндірудің маңызы зор. Тұңғыш Президент күні қарсаңында білім беру мекемелерінде «Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмдер топтамасы көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kz. басылымына сілтеме жасап.
Жоба егемендіктің алғашқы жылдарында Қазақстан еңсерген жеті негізгі сын-тегеуріндерге негізделген. Солардың бірқатары – нарықтық экономиканың қалыптасуы, мемлекеттік шекараны белгілеу және халықаралық интеграциялық процестер, ұлтаралық келісім, ядролық сынақтарға қарсы бастамалар, жаңа астананың құрылысы, транзиттік әлеуетті іске асыру және Арал теңізіндегі экологиялық мәселелер мен демографиялық проблемалар.
Жас мемлекетіміз бұл күрделі мәселелерді Тұңғыш Президент бастамасымен жүргізілген реформалар арқылы еңсеріп, басты жетістіктеріне айналдырды және еліміздің даму жолының бірегейлігін айқындады. Мәселен, ядролық қарудан бас тарту Қазақстанға әлемдік аренадағы орнын нығайтуға, шетелдік инвестицияларды тартуда Орталық Азия көшбасшысына айналуға мүмкіндік берді. Еліміздегі ішкі саяси тұрақтылық және этносаралық бірлік пен келісімнің бірегей моделі көптеген елдерге үлгі болып қалыптасты.
Фильмдердің мазмұны мемлекет, қоғам қайраткерлерінің, тарихшылардың, саясаттанушылардың, экономистердің естеліктері мен пікірлеріне негізделген.
Осы фильмдер білім беру ұйымдарындағы сынып сағаттарында, ашық сабақтарда, пікірталастар мен кураторлық сабақтарда көрсетіліп жатыр. Шараға 2,8 млн астам мектеп оқушыларын және жоғары оқу орындары мен колледждердің 700 мыңнан астам студентін қамту жоспарлануда. Сондай-ақ іс-шаралар онлайн форматта өткізіледі.
Жеті фильмнен тұратын жобаны «Астана» телеарнасы түсіріп, бұған дейін елорда күніне орай эфирде көрсеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар

«Ауыл аманатының» өнімдеріне сұраныс көп

Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы жәрмеңкені Қобда ауданы бастап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр сенбі сайын өткізілетін...

«Ауыл аманаты» — ауылдықтар үшін пайдалы жобаға айналды

Мысалы, Қаратал ауданының Жасталап ауылының тұрғыны Ерғазы Болат «Ауыл аманаты» шеңберінде жылдық 2,5% мөлшерлемемен 3 млн. 420 мың теңге алды. Бұл соманың 3 млн....

«Ауыл аманатының» игілігін көріп, табысын арттыруда

  Ел ішінде қолтығымыздан деме­се, дем беріп жебесе, нарық айдынын­да судағы балықтай еркін жүзіп кетер едік деген сөз жиі айтылады. Әрине, дү­ние құралу үшін оң...

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНЫҢ» БЕРЕРІ МОЛ

Қасиетті мекен тұрғындары 128 мың болса, соның 36 мыңы жастар. Яғни жалпы  халықтың 27,1 пайызы белсенді топ. Аудан жастиарын тұрақты жұмыспен қамту, бизнеске тарту...

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 376,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына...

2023 жылғы 1 желтоқсанға 595 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы...

Сенат арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынша заңнамаға түзетулерді мақұлдады

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында...

Елордада «Joltap» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға мүмкіндік» модульдік бекеттері ашылды

Енді астаналық өтініш біл­ді­ру­шілер мемлекеттік қолдау шара­лары жөнінде кеңес ала алады, сондай-ақ жекелеген ма­мандықтар, әсіресе фрилансерлерге арналған мамандықтар бо­йынша курстан өтіп, жұмыс табуға мүмкіндік...

Жоғары оқу орнын жаңа бітірген түлектерді жұмыспен қамтуға басымдық беріледі

Сонда кім кінәлі? Жалақысы төмен жұмысқа барғысы келмейтін дипломды маман ба, әлде қолайлы жағдай жасай алмай отырған Үкімет пе? Ұлттық статистика бюросының де­ре­гін бағдарласақ, қазір...