#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі облыс аумағында жер сілкінісі болғанын мәлім етті.

Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі облыс аумағында жер сілкінісі болғанын мәлім етті, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

«ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісі 27 қарашада сағат 14.18-де елеулі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 109 шақырым жердегі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8.6. Магнитудасы – 3.5 MPV. Дүмпулер қанша балл болып сезілгені туралы (МЅК-64 шкаласы бойынша) мәлімет жоқ.

«Алматы облысы ТЖ Департаменті ақпаратты алған бетте жергілікті атқарушы органдарға, Полиция департаментіне, Қазселденқорғау департаментіне, прокуратураға және басқа да ұйымдарға хабарлады, аумақтардағы жағдай нақтыланып жатыр, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Соңғы жаңалықтар