#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстанда коронавирустың мутациялары анықталды

Қазақстанда коронавирустың бірнеше мутациясы анықталды.

Қазақстанда коронавирустың бірнеше мутациясы анықталды. Қазіргі уақытта оларды ғалымдар зерттеп жатыр. Кей мутациялардың шетелден әкелінгені белгілі болды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіндегілер коронавирус мутациясы туралы ресми сауалға жауап берді. Ведомстводағылар COVID-19 барлық басқа вирус сияқты үнемі мутацияға ұшырайтынын атап өтті.

«(…) Бүгінде коронавирус геномынан 13 000-нан аса мутация анықталды. Алайда осы мутациялардың ешқайсы үшін вирустың «агрессивтілігінің» айтарлықтай жоғарылауы көрсетілмеген, яғни бұл мутанттардың патогенділігі немесе жұқпалылығы айтарлықтай жоғарыламайды.

«Біздің ғалымдар Қазақстандағы SARS-CoV-2 штамдарын және олардың геномдарын зерттейді. Бірнеше мутация анықталды: олардың бір бөлігі шетелден әкелінді, ал бір бөлігі біздің отандастарымыздың арасында пайда болған. Басқа жерлерде сияқты Қазақстанда пайда болған бұл мутациялар коронавирустың агрессив түрлерінің пайда болуына әкелген жоқ», — делінген Комитеттің жауабында.

Соңғы жаңалықтар