
Түркістан қаласында «Коррупцияға қарсы тұру – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті, деп хабарлайды ADYM.KZ «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының бақылау жөніндегі инспекторы Асқар Еркінбеков сыбайлас жемқорлыққа күрес тоқтаусыз жүруі керек екенін, бұл ретте партия тарапынан да тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
Атап айтсақ, партиялық бақылау комиссиялары арқылы заңсыздықтар анықталып, тиісті ұсыныстар берілген. Жиында жас мамандар да өз ойларын ортаға салды. Қоғамды жегідей жеген жемқорлықтың дерт екеніне тоқталған олар мемлекет тарапынан заң күшейтілгенімен, әлі де кемшіліктер кездесіп жатқанын жеткізді.
«Әр азамат өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін сезініп, жемқорлыққа қарсы тұруы тиіс», – дейді жиынға қатысушылар.
«Әр азамат өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін сезініп, жемқорлыққа қарсы тұруы тиіс», – дейді жиынға қатысушылар.