Батыс Қазақстан облысында ұлына үйлену тойын жасап берген ауыл әкімі қызметінен босатылады, — деп хабарлайды ADYM.KZ «Мой ГОРОД».
Басылымның мәліметінше, 3 қарашада COVID-19 таратпау жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті. Облыс әкімі Ғали Есқалиев Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімі Татжан Өтемісовтің ұлының үйлену тойын өткізу дерегі расталғанын сұрады.
«Осыған байланысты тексеру жүргізілді. Татжан Өтемісов 9 қарашаға дейін демалыста. 10 қарашадан бастап ол қызметінен босатылады. Сонымен қатар, Татжан Өтемісовке қатысты карантиндік шектеулерді бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, 41 мың теңге көлемінде айыппұл салынды», — деді Батаев.
«Мемлекеттік қызметте орын жоқ». БҚО басшысы ауыл әкімі ұлының тойына қатысты пікір білдірді
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Ақжол ауылдық округінің әкімі Тәтжан Өтемісовтің ұлына той ұйымдастырған сәтінен фото және видео тараған болатын. Кейін шенеуніктің еңбек демалысында екені хабарланды.