#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматыдағы техникалық жөндеу орталығында жарылыс болды

Сонымен қатар, өрттің видеосы әлеуметтік желіде де жарияланды.

Алматыда техникалық жөндеу орталығында жарылыс болды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Техникалық жөндеу орталығы өртеніп жатыр. Қорқынышты. Онда қаншама адам жұмыс істейді. Адамдар заттарын алуға асығып жатыр. Көліктерді жолдан ешкім алып жатқан жоқ, ол жерге бару мүмкін емес. Ақсай, — дейді автор.

Сонымен қатар, өрттің видеосы әлеуметтік желіде де жарияланды.

«КарСити» аумағында Ангар өртеніп жатыр», — делінген жазбада.

Қалалық төтенше жағдай департаменті болған жағдайға қатысты түсінік берді.

«27 қазанда сағат 12.56-да ТЖД күштері Әуезов ауданы, Ақсай-1а шағынауданына шұғыл аттанды. Мамандар оқиға орнына келген бойда техникалық жөндеу орталығынан бөлек тұрған ангар жанып жатқанын көрді. Өртті сөндіру қиынға түсті. Оқиға орнынан көлемі 25 литр болатын екі газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. 13.21-де жарылыс болды, өрт сөндірушілер арасында зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада.

Өрт толығымен 55 минуттан соң сағат 13.58-де өшірілді.

Соңғы жаңалықтар