#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысында карантин кезінде бесік тойын өткізгендер әшкере болды

"Сарыағаш ауданында кезекті рейдтер кезінде Шымкент-Жетісай тасжолындағы мейрамхана иесінің бесік тойын өткізгені анықталды.

Түркістан облысында карантин талабын бұзғандар анықталды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz cайтына сілтеме жасап.

«Сарыағаш ауданында кезекті рейдтер кезінде Шымкент-Жетісай тасжолындағы мейрамхана иесінің бесік тойын өткізгені анықталды.

Сондай-ақ, тағы бір ауыл тұрғыны жол бойындағы дәмхананы жалға алып, онда құдалық ұйымдастырған.

Мобильді топ Құркелес ауылдық округінде карантин кезінде жұмыс істеген мейрамхананы анықтады», — делінген хабарламада

Сонымен қатар, Сарыағаштағы мейрамханалардың бірінде полиция қызметкерлері тұсаукесер рәсімін өткізген тұрғынды анықтаған.

«Бұл фактілер тиісті шешім қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына жіберілген», — делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар