Алматыда жасырын казино ұйымдастырған ер адам 4 жыл және 2 айға бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Күдікті төтенше жағдай режимі кезінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған.
Мамырда жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары барысында Алматыда «Ойын бизнесі туралы» заңның талабын бұзған жасырын казино анықталды.
Тексеру кезінде мекемеде ойыншылар мен жұмысшылар болған, әрі покер үстелі, 13 дана ойын автоматы, рулетка үстелі, сондай-ақ, компьютерлік техника, ноутбук, теледидарлар және ұлттық және шетел валютасындағы ақша тәркіленген.
«Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен жасырын казино ұйымдастырушы ҚР Қылмыстық кодесінің 307-бабы 3-бөлігінің 2-тармағына («Аса ірі мөлшерде табыс табу және заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру») сәйкес кінәлі деп танылды. Оған 4 жыл және 2 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — делінген хабарламада.