#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Ауыл шаруашылығы жануарлары күзгі ауруларға қарсы залалсыздандырылуда

Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!

Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!
Шымкент қаласында 1 қыркүйек – 15 қазан аралығында ауыл шаруашылығы жануарларын күзгі энзоотиялық ауруларға қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Осыған орай, қала аумағында орналасқан қоралардағы ірі қара малдарды арнайы сұйық дәрілермен бүрку және ұсақ малдарды тоғыту шаралары басталады. Айта кетерлігі залалсыздандыру жұмыстары тек малы бар және ауылшаруашылығы жануарларын ұстауға арналған қоралары бар үйлерге мемлекеттік бюджет есебінен тегін жүргізіледі. Аталған ветеринариялық шараларды жүргізу барысында мал және қора-жай иелері жұмыстың сапалы болуы үшін:
— алдын-ала өзіне меншікті аумақты механикалық тазалаудан өткізуге;
— ірі қара малдарын дезинфекторларға бүрку үшін жеткізуге;
— ұсақ малдарын арнайы тоғытуға арналған ваннаға апаруға міндетті.
Құрметті қала тұрғындары мен шаруақожалық иелері, өзіңізбен қатар айналаңыздың қауіпсіздігі үшін залалсыздандыру жұмыстарына жауаптылықпен қарауларыңызды сұранамыз!
Шымкент қаласы бойынша күзгі кенеге қарсы энзоотиялық жұмыстарымен «Ветеринариялық қызмет» МКК айналысады.
Мекенжайы: Шымкент қаласы, Байтулы Баба, №9/14 үй
Телефон нөмірі: 45-05-05, 45-05-22.

Соңғы жаңалықтар