#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Балалар ауруханасы жасанды тыныс алу аппаратымен толықты

Шымкент қаласындағы клиникалық балалар ауруханасына «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы жасанды тыныс алу аппаратын тарту етті.

Шымкент қаласындағы клиникалық балалар ауруханасына «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы жасанды тыныс алу аппаратын тарту етті, деп хабарлайды Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы.
Компания басшылығы ИВЛ аппаратын Германиядан арнайы тапсырыспен алдырған. Мұндай медициналық аппарат жансақтау бөліміндегі ауыр халдегі науқастарды емдеуде ең маңызды құралдардың бірі дейді мамандар.
Қалалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері Динара Жұмаділова ұжым атынан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на алғысын білдірді.
Айта кетейік, «Асар» шағынауданындағы балалар ауруханасы — қаладағы 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмек көрсететін көпбейінді емдеу мекемесі. Мұнда дәрігерлер күнделікті жедел жәрдеммен жеткізілетін 200-ден аса балаға медициналық көмек көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар