#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістандық оқушылар 2020-2021 оқу жылын қашықтықтан оқиды

ҚР Білім және ғылым министрлігі шешімімен, 2020-2021 жылдың алғашқы тоқсаны қашықтан оқу жүйесімен іске асырылмақ.

ҚР Білім және ғылым министрлігі шешімімен, 2020-2021 жылдың алғашқы тоқсаны қашықтан оқу жүйесімен іске асырылмақ. Қазіргі еліміздегі ахуалға қарамастан, мұндай өзгешеліктер оқушылардың білім сапасына өз залалын тигізбеуі, есесіне жаңа мүмкіндіктер ашуы тиіс. Сол үшін әр пәнді үйде отырып оқуда ең тиімді және жаңашыл жолдары қарастырылуы маңызды. Бұл жөнінде Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов мектеп директорларымен өткізген онлайн-байланыс кезінде мәлім етті.

Нәтижесінде: жергілікті «Тұран-Түркістан» телеарнасы арқылы мұғалімдердің күнделікті сабақ беруі, OnlineMektep қашықтықтан оқыту жүйесін орта білім беру ұйымдарына енгізу, Youtube каналына озық тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарын енгізу, оқушыларды техникалық құралдармен қамтамасыз ету, ZOOM, Google Classroom, EduPage арқылы жұмыс жасау жолында дайындық жүруде.

Көпбалалы отбасылар үшін карантин кезінде ыстық тамақ, киім-кешектен үнемделген қаржыға планшет, ноутбук әперілмек. Биыл 1-11 сыныпқа 44000-нан астам оқушы келер болса, оның 22000-ға жуығы, яғни 9000-нан астам отбасын техникамен қамтамасыз ету жоспарланған.

Ағымдағы жылы жаңа платформаға геймификация, яғни, оқыту процесін ойын техникасы арқылы іске асыру қарастырылуда. Оқушы әр өткен сабақтары үшін бонус жинап, нәтижесінде түрлі сыйлықтарға ие бола алады.

Одан өзге, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатқан 26 мектеп, бір балабақшаның құрылыс барысы да назарда. Бүгінде Қ.Сәтбаев, №21, №24 және С.Рахимов мектептерінде жөндеу жұмыстары толық  аяқталса, 6 мекемеде баяу жүріп жатыр. Атап айтсақ, есік ауыстыру, қоршау орнату, қабырғаларды сырлау, су-кәріз жүйесін жүргізу және басқа жұмыстары кестеден қалған. Қала басшысы, жөндеуде әсіресе ішкі әжетхана жүйесі мен мектеп ауласын қоршауға басты назар қою қажеттігін айтты.

Жалпы, 33 мектеп ішінде іске қосылған әжетханалары бар мектеп саны 28-ді құрайды. Басқа мектептерде әжетханалар қосымша салынып немесе модульді әжетханалармен қамтамасыз етіледі. 33 мектеп ауласы толығымен қоршалған болса, тозығы жеткен 9 мектептің қоршауы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша қайта жаңартылды.

Жалпы, Түркістан қаласы әкімдігінің Адами капиталды дамыту бөліміне қарасты 33 мектеп, 20 балабақша, 5 мектептен тыс мекеме жұмыс атқарады.

Соңғы жаңалықтар