#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Онкологиялық орталық карантин режиміне сай жұмыс істеуде

Елбасымыз атап көрсеткендей азаматтардың өз денсаулығы үшін ынтымақтастығы тетігін енгізуді ескере отырып, міндетті әлуметтік медициналық сақтандыру жүйесін дамыту қолға алынған.

Елбасымыз атап көрсеткендей азаматтардың өз денсаулығы үшін ынтымақтастығы тетігін енгізуді ескере отырып, міндетті әлуметтік медициналық сақтандыру жүйесін дамыту қолға алынған. Атап айтқанда, бастапқы медициналық санитарлық көмек деңгейінде атқарылып жатқан іс шаралар, соның ішінде скринингітік және жалпы профилактикалық тексерулер өз жемісін беруде, жасыратыны жоқ, тек қана онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтап қоймай, басқа да ісік алды аурулармен созылмалы ауруларды анықтап, оларды емдеп, сауықтыруда оң нәтиже көрсетуде.

Шымент қаласы бойынша 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың Жол картасы бойынша іс шаралар іске асырылуда.Алға қойған мақсат онкологиялық қызметті жақсарта отыра, онкологиялық аруларды ерте кезеңде анықтау және олардың 5 жыл және одан артық өмір сүруін арттыру. 2020 жылдың 6 айлық индикаторлардың орындалу барысы, атап айтқанда, бірінші индикатор онкологиялық аурулардың ерте кезеңде I cатысында анықтау жоспар бойынша 16,0 пайыз болса, бұл көрсеткіш 16,5 пайыз болды, жоспардан 0,5 пайызға артқан.

Екінші индикатор 5 жыл және одан артық өмір сүруі жоспар бойынша 47 пайыз болса, 47,1 пайызға жоғарылады.

Үшінші индикатор сырт көріністі III-IV сатысындағылар жоспар бойынша 16,6 пайыз болса, бұл көрсеткіш 13,6 пайызға төмендеген.

Төртінші индикатор жатыр мойны рагіне цитологиялық скринингтік тексеру барысында қатерлі ісік алды аурулардың анықталуы бойынша жоспар 0,94 пайыз болса, анықталғаны 1,0 пайыз болған.

Бесінші индикатор колоректальды ракке скринингтік тексеру барысында қатерлі ісік алды аурулардың анықталуы бойынша жоспар 19,4 пайыз болса, анықталғаны 22,4 пайыз болған.

Барлық онкологиялық индикаторлар, бәрі 100 пайызға орындалды.

Орталықта 6400 астам онкологиялық науқастар «Д» есепте тұрса, 2020 жылдың 6 айында 600 науқас өмірінде алғаш рет есепке алынды.

Қазір, ауруханада 135 науқас арнайы ем қабылдап жатыр, керекті дәрі- дәрмектер жеткілікті. 2020 жылдың 16 наурызынан бастап карантиндік режимде толық жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар