Салтанат Рахимбекова Қазақстан Азаматтық альянсының президенті болып сайланды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің телеграм каналында хабарланды.
Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, кездесу онлайн режимінде өтті. Отырыстың қорытындысы бойынша Салтанат Темірқұлқызы Рахимбекова Қазақстан Азаматтық альянсының Президенті етіп сайлау туралы шешім қабылданды.
Салтанат Рахимбекова 1965 жылы 18 ақпанда дүниеге келді, жасыл экономика және экология саласындағы белгілі қоғам қайраткері, бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың — G-Global жасыл экономика және даму коалициясы, «EXPO&Women» халықаралық ұйымы, Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағының негізін қалаушы және жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның жасыл экономикаға өтуі жөніндегі Кеңестің мүшесі, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы. «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен және Қазақстан Республикасының бес мерейтойлық медалімен марапатталған.