Шымкент қаласында 13-маусым күні коронавирус жұқтырған 1944 жылғы науқас көз жұмды. 76 жастағы азамат 7-маусым күні провизрлік станционарға жатқызылған. Науқастан алынған ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 оң нәтиже беріп, 9-маусым күні жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған.
Науқастың қосалқы ауруы: «артериялық гипертензияның 3-дәрежесі. 2 типті қант диабеті, декомпенсация. Уытты нефрит. Асқыну сатысындағы созылмалы пиелонефрит».
Науқасқа емдеу хаттамасына сәйкес, қажетті ем шаралары жүргізіліп, күнделікті республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 13-маусым күні, сағат 05:30-да науқас қайтыс болды.