#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қ.Тоқаев: Білім саласына бөлінетін қаржы 6 есеге артады

Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық кеңестің үшінші отрысы онлайн режимінде өтті.

Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық кеңестің үшінші отрысы онлайн режимінде өтті. Отырыста еліміздегі білім беру мәселелері талқыланды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы еліміздегі білім беру саласына қатысты бірқатар мәселеге жеке-жеке тоқтала келіп, білім саласына бөлінетін қаржы 6 есеге артатын атап өтті.

Кез келген мемлекет үшін адами капитал басты өлшемге айналды. Осы орайда біліктілік мәселесі айрықша маңызға ие болып отыр. Әр азамат өзінің жеке жетістігі арқылы бүкіл елдің табысты болуына, өсіп-өркендеуіне үлес қосады. Сондықтан бүгінгі отырысты адами капиталдың негізгі бағыттарын дамыту мәселесіне арнадық. Бұл білім беру, ғылым және денсаулық саласы,- деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы білім мен ғылымға бөлінетін қаржының ұлғаятынын айтты. Енді бұл саланың маңызы арта түсетіні анық. Тіпті экономиканың өзі соған тәуелді болмақ. Біз білім мен ғылым саласының болашақтағы рөлін айқын түсінуіміз керек. Бүкіл мемлекеттік саясатты соған сәйкес жүзеге асырамыз. Білім беруді және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын реформаларды қайта зерделеу қажет. 2025 жылға дейін білім саласына бөлінетін қаражат 6 есе, ғылымға бөлінетін қаржы 7 есе өсетінін ескерген жөн, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке ЖОО оқытушыларының еңбекақысын көбейтуді тапсырды. Қазіргі таңда көпшілік оқытушылардың еңбегі қаншалықты маңызды екенін түсінді деп ойлаймын. Біз «Педагогтар мәртебесі» заңы аясында мұғалімдерді ынталандыру шараларын қарастырдық. Бірақ іс жүзінде ЖОО оқытушыларының жалақысы мектеп мұғалімдерінің жалақысынан аз болып қалды. Осыған орай, Үкімет ЖОО оқытушыларының еңбекақысын көбейту мәселесін қарастыру керек, — деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар