#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Бас санитар дәрігер: Коронавирусқа қатысты шектеу шаралары күшейтілді

Қазақстанға шетелден келетін барлық адам 2 тәулікке дейін COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшауланады.

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды NEWSDAY.KZ ақпарат агенттігі qamshy.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанға шетелден келетін барлық адам 2 тәулікке дейін COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшауланады. COVID-19 ауруының белгісі бар адамдар карантиндік стационарға емес, провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады. Шекарадан өткен соң 5 күннен кешіктірілмей ПТР зертханалық тексеруде теріс нәтиже көрсеткен анықтамасы бар адам шет елден келген адам үйде (үй карантин) 14 тәулік бойы оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаса карантиндік стационарда оқшаулау ұсынылады. Алғашқы екі күнде COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижелі адамдар емделу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижелі адамдар 12 тәулік бойы үй карантинінде оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде жергілікті атқарушы орган белгілеген үй-жайларда оқшаулау ұсынылады. Қазақстанға шет елден келген дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме және халықаралық ұйымдар өкілдігінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері тексерістен өтеді және 14 тәулік бойы үйде өзін-өзі үй жағдайындағы карантинге жатқызылады. Авиакомпаниялардың экипаждары, локомотив бригадаларының мүшелері қоңырау шалу арқылы (мүмкіндігінше бейнеқоңырау шалу) тұрғылықты (келген) жері бойынша медициналық бақылауға жатады. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін, «Теңізшевройл» ЖШС объектілерінен демобилизацияланған адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін келген орны бойынша карантиндік стационарда 2 тәулікке дейін оқшаулауға жатады, оң нәтижелі адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижелі адамдар 12 тәулік бойы үйде (үй карантині) оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулау ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар