«Ашық әкімдік» жобасының жұмысымен «Adaldyq alany» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы, Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының төрағасы Т.Байғұлов Шымкент қаласына сапары барысында танысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаевпен бірге азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызмет шарттарымен және қалалық әкімдікте қабылдаудың жүзеге асырылу барысымен, карантин жағдайындағы Ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты.
Іс-шара барысында әкім аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов қонақтарды Өтініштермен жұмыс жасау бөлімінің жұмысымен таныстырды. Оның айтуынша, аталған бөлім азаматтардың өтініштерімен жұмыс сапасын арттыру мақсатында ашылған.
«Ашық әкімдікте» қала тұрғындарының арыз-шағым қабылдайтын 10 терезе жұмыс жасайды, (оның ішінде 1 терезе өзіне-өзі қызмет көрсету үшін арналған) «бір терезе» қағидаты бойынша бірыңғай жерде мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.
Әкімдіктің мәліметі бойынша ағымдағы жылдың 4 айында 5 483 өтініш келіп түсіп, оларға тиісті жауаптар берілген.
Сонымен қатар, кездесу барысында әкімдіктегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстар жайы талқыланды.