Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге Қазақстанның коронавируске қарсы күрес шараларына жоғары баға берді.
Қазақстан – COVID19-ға қатысты ахуалды тұрақтандыру бойынша белсенді күш-жігердің тамаша үлгісі, — деп жазды Клюге Twitter-де.
ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы елімізде коронавируске қарсы келесі шаралар атқарылып жатқанын атап өтті:
— күшейтілген бақылау;
— тестілеудің кең ауқымы, соның ішінде медицина қызметкерлерін;
— мәліметтерді цифрлық түрде жинақтау;
— профилактикалық шаралардың уақытылы жүргізілуі және науқастармен байланыста болғандарды қатаң бақылау;
— науқастарды емдеудің дұрыс тактикасы; — зерттеудің жүргізілуі.