#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстан дәрігерлері COVID-19 емдеудің тиімді әдісін тапты

Cемейлік ғалымдар COVID-19 емдеудің тың тәсілдерін арнайы жинақ ретінде жарыққа шығарып, интернет парақшалары арқылы таратуға күш салып жатыр.

Қаладағы білікті ғалымдар мен тәжірибелі мамандардың бірігіп атқарған ұжымдық еңбегі хал үстінде жатқан бір науқастың бетін бері қаратуға жәрдемдесті. Қалған науқастарға да кешенді ем-шаралар тағайындалып, қазір олар өздерін жақсы сезінуде.

Өкпе жұмысын жақсартып, ағзаларды қалпына келтіруге сурфактант препараты мен виброакустикалық массаждар тиімділігін көрсеткен. Қазір бұл әдіс-тәсілдерге шетелдік дәрігерлер де қызығушылық танытып отыр.

Вирустың ең бірінші зақымдайтыны сол, альвеола. Оны негізінде вирус тудырады, альвеола жабысқан кезде өкпенің бәрі жабысып қалады. Сондықтан ИВЛ-дың не көмегі бар, ол альвеоланы ашып, оттегін жеткізу. Бұл сурфактантты балаларға жаңа туған, тыныс жетіспеушілігі бар, өкпесі жарымаған балаларға қолданады. Бірақ үлкендерге қолданбаған. Соны мен ойладым, науқастың кім біледі беті бері қарай ма, қарамай ма, осыны қолданайық деп жігіттерге айтып, дәрігер әріптестер қолдап, көрейік дедік. Негізі науқастың жағдайы ауыр болды,-дейді анестезиологтар тобының жетекшісі, штаб мүшесі Саят Таңатаров.

Семей медицина университетінің ректоры Ерсін Жүнісовтің айтуынша, бұл нұсқаулық дүниежүзілік және жеке тәжірибеге негізделіп жасалған. Оқу орны басшылығы жедел штаб жұмысын жандандыру үшін барлық жағдайларды қарастырған. Цифрлық технологиялар көмегі де көп тиіп жатыр.

Хал үстінде жатқан науқасқа кешенді ем қолданылды. Соның бірі – виброакустикалық массаж тәсілі. Бұл шараның адам денсаулығына еш зияны жоқ. Сондықтан қиналып жатқан аурудың бетін бері қаратуға септігін тигізді,-дейді өңірдің бас пульмонологы, штаб мүшесі Жанар Оразалина.

Қазір семейлік ғалымдар бұл тың тәсілдерді арнайы жинақ ретінде жарыққа шығарып, интернет парақшалары арқылы таратуға күш салып жатыр.

Әзірге бұл індетке қарсы вакцина немесе дәрі шығарылған жоқ. Сондықтан ең бастысы, оқшаулану мен карантиндік шараларды сақтау керек. Абырой болғанда, бізде аурулар көп тіркелген жоқ. Егер ережеге бағынып, сақтық шараларын сақтайтын болсақ, аман-есен бұл қиындықты да еңсереміз деп ойлаймын,-дейді инфекционистер тобының жетекшісі Имдат Эфендиев.

Соңғы жаңалықтар

«Ауыл аманатының» өнімдеріне сұраныс көп

Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы жәрмеңкені Қобда ауданы бастап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр сенбі сайын өткізілетін...

«Ауыл аманаты» — ауылдықтар үшін пайдалы жобаға айналды

Мысалы, Қаратал ауданының Жасталап ауылының тұрғыны Ерғазы Болат «Ауыл аманаты» шеңберінде жылдық 2,5% мөлшерлемемен 3 млн. 420 мың теңге алды. Бұл соманың 3 млн....

«Ауыл аманатының» игілігін көріп, табысын арттыруда

  Ел ішінде қолтығымыздан деме­се, дем беріп жебесе, нарық айдынын­да судағы балықтай еркін жүзіп кетер едік деген сөз жиі айтылады. Әрине, дү­ние құралу үшін оң...

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНЫҢ» БЕРЕРІ МОЛ

Қасиетті мекен тұрғындары 128 мың болса, соның 36 мыңы жастар. Яғни жалпы  халықтың 27,1 пайызы белсенді топ. Аудан жастиарын тұрақты жұмыспен қамту, бизнеске тарту...

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 376,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына...

2023 жылғы 1 желтоқсанға 595 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы...

Сенат арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынша заңнамаға түзетулерді мақұлдады

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында...

Елордада «Joltap» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға мүмкіндік» модульдік бекеттері ашылды

Енді астаналық өтініш біл­ді­ру­шілер мемлекеттік қолдау шара­лары жөнінде кеңес ала алады, сондай-ақ жекелеген ма­мандықтар, әсіресе фрилансерлерге арналған мамандықтар бо­йынша курстан өтіп, жұмыс табуға мүмкіндік...

Жоғары оқу орнын жаңа бітірген түлектерді жұмыспен қамтуға басымдық беріледі

Сонда кім кінәлі? Жалақысы төмен жұмысқа барғысы келмейтін дипломды маман ба, әлде қолайлы жағдай жасай алмай отырған Үкімет пе? Ұлттық статистика бюросының де­ре­гін бағдарласақ, қазір...