#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Карантиндегі қала тіршілігі қалай? (Фоторепортаж)

Коронавирус. Санадан «Мен» түсінігін жойып, шынайы күш бірлікте екенін кезекті рет ұғындырды. Өзім деп даралануды емес, bizbirgemiz деп бірігуге мойын бұрғызды. Бір мезетте адамзаттың бойынан өше бастаған сағыныш, мейірім, жылулықты ортамызға оралтты. Рас әлемді әбігерге салған індеттің өтеуі адамзатқа аса қиынға соғып тұр. Қауіпті індет бірімізді бауырдан айырды, енді бірін ата-анасынан алшақтатса тағы бірімізді жанұя жылуынан жырақта жүруге мәжбүрледі. Әсіресе қауіпті індетпен бетпе-бет келген медицина қызметкерлері мен тәртіп сақшылары сондай-ақ төтенше жағдай режимінде жұмыс істеп жүрген өзге де сала мамандарының еңбегі ерең.

Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның келісімімен 4 сәуір сағат 21.00-ден сәуір айының соңына дейін, қала аумағында карантин жарияланды. Қазіргі таңда карантинге байланысты 321 қызметкер таң қылаң берісімен, түн ортасына дейін қатаңдатылған режимде жұмысқа көшкен. Оның ішінде: 115 полиция қызметкері, 14 қарулы күштер және 192 ұлттық ұлан сарбаздары 3 ауысымда тәулік бойы қызмет атқаруда.Әдетте тіршілігі бір сәт дамыл таппайтын қалада мүлкіген тыныштық орнаған. Тәртіппен бақылау күшейтілген. Тіпті қорқынышты екені де рас. Амал нешік тек осы арқылы өзіміз және өзгелердің өмірін сақтап қаламыз. Біздің назарды аударып, ойға шомылдырған сәттерден жинақталған фотолар тізбесін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Мәселен республикалық маңызы бар Шымкент-Ташкент тас жолындағы блок бекетте полицейлер мен медицина мамандары тәулік бойы жұмыс істеуде. Олар қалаға кіріп-шығатын әрбір көлікті тоқтатып, жүргізушілер мен жолаушыларды арнайы құрылғы көмегімен тексеруден өткізіп жатыр.Қалаға автокөліктердің кіруі мен шығуына тыйым салынған. Тек транзитті жүк көліктері мен тіршілікті қамтамасыз ететін арнайы автокөліктерге рұқсат берілген. Сала мамандары бел жазбай еңбекке адалдықтарын көрсетуде.

Қаланың ішкі көшелерінде де қатаң тәртіптік режим сақталған. (Қонаев даңғылы)

Төтенше жағдайға байланысты еріктілер ерекше көмек көрсетуге көшкен.


Фото авторы: Мақсат Шағырбаев

Соңғы жаңалықтар