#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қостанайда қатты дауылдан жолдар жабылды

Қатты дауыл ағаштарды құлатып, электр желілерін үзіп тастады.

Қостанай облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты барлық жол жабылды. Қатты дауыл ағаштарды құлатып, электр желілерін үзіп тастады. Соның салдарынан бірнеше қала жарықсыз қалды.

Облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Саят Жүсіповтың айтуынша, қалың түскен қар мен қатты желдің салдарынан инженерлік желілер бұзылған. Коммуналдық қызметтердің жұмысы қиындап кеткен.

Саят Жүсіпов: Бізде әлі де боран, дауылды жел соғып тұр. Коммуналдық қызметтерге қиын болып жатыр. Аймақтарда электр қуаты жағынан проблемалар туындады. Кей жерлерде сумен, жылумен қамтамасыз ету де қиындады. Қазіргі кезде Қостанайдың өзінде коммуналдық қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша бүгін Қостанайда электр энергиясы өшіп қалған. Қалада барлық қоғамдық көлікті тоқтатуға тура келді. Себебі қатты жел шатырларды бұзып, ағаштарды тамырымен бірге жұлып алған.

Ақ түтек боранның салдарынан жолда жүру қиындық туындатқан. Мәселен, Лисаков қаласынан шыққан Largus көлігінің жүргізушісі санитарлық бекетке жақындағанда рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен. Оны полицейлер құтқарып қалған. Бұған дейін синоптиктер Қостанайда 7 сәуірде қалың қар түсіп,  желдің жылдамдығы секундына 12-23 метр болады деп болжаған еді.

 

Соңғы жаңалықтар