#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Бахадыр Нарымбетов: Елбасы әрдайым елмен бірге

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

«Нұр Отан» партиясының төрағасы, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған өз мақаласында партия мүшелері сауапты істердің алдыңғы қатарынан табылуы тиіс деп атап өтті.

Елбасымыз өз мақаласында мемлекет осындай қиын сәтте қолдан келгеннің бәрін жасайтынын және тиісті шараның барлығын атқаратынын айтты. «Бірде-бір адам, еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды. Біз – біртұтас ел, бірлігі берік жұртпыз. Мен әрқашан халқыммен бірге болғанмын, бұл жолы да сіздермен біргемін. Біз біргеміз. Қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айрылмайық. Сонда ғана біз қастерлі тәуелсіздігімізді сақтап, Қазақстанды Мәңгілік ел болуға лайықты ете аламыз», — деді партия төрағасы.

Ендігі ретте Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар жұмысты қадағалап, рет-ретімен орындауға кірісуі керек. Елбасы әр министр, әрбір облыс, қала және аудан басшылары жүйемен, тәртіппен, үйлесіммен, нақты жоспармен, нық сеніммен әрекет етіп, уақытша қиындықтан шығуға барлық күш-қуатты жұмылдыруы қажет екенін де атап өтті. Бұл дегеніміз, Елбасының халыққа деген қамқорлығы. Ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі десек, партия төрағасы ең бастысы халық денсаулығына ерекше назар аударылып отырғанын жеткізді. Олай болса, өз қауіпсіздігіміз өз қолымызда!

Еркертулерге құлақ асып, бейресми ақпараттарға бой алдырмай үйде отыруымыз қажет! «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» дегендей бірлігімізді көрсететін сәт қазір. Біз біргеміз!

Соңғы жаңалықтар