Облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаевтың мәлімдеуінше, облыстағы 420 460 мектеп оқушысына қашықтан «Балапан», «Еларна» және облыстық телеарналар арқылы және «Қазақ радиосы» арқылы бейне, аудио сабақтар өтеді. Оған арнайы кестемен сағат бөлініп отыр.
Сонымен қатар, 1365 оқушы «Қазпошта» арқылы, 57 421 оқушы «Bilimland», «Daryn online» білім беру платформалары мен «Zoom» бейнеконференц байланысы және мессенджерлер арқылы оқытылады. Яғни таулы, шалғай аудан оқушылары үшін көмекке «Қазақ радиосы» мен «Радио классик» әуе толқындары тартылмақ, ал мүлдем байланысы жоқ жерлерге «Қазпошта» арқылы тапсырмалары беріліп, кері байланыс та осы жүйеде жасалады. Барлық жағдайда мұғалімдер Kundelik.kz арқылы оқушыларды бағалап отырады.