#Президент

#Абай

#Коронавирус

#Түркістан

#Руханият

#Shymkent

#ТМД мәдени астанасы

Редакция таңдауы

Бүкіл әлемде «Covid-19» салдарынан қайтыс болған адам саны 64 мыңға жетті

Жаңа тип коронавирус (Kovid-19) салдарынан бүкіл әлемде қайтыс болған адам саны 64 мың, оқиға саны болса 1 миллион 200 мыңнан асты. Емделген науқас саны...

Шымкенттің әкімі жиналысты қандай форматта өткізіп жүр?

Жиында карантиндік режимнің сақталуы және жұмыспен қамту жайы қаралып, шаһар аумағындағы ірі 4 көтерме базар мен блок бекеттердегі сақтық шараларын күшейту жайы талқыланды. Аудандарда жүріп...

Тоқаев ғалымдарды коронавирус анықтайтын тест жүйесін әзірлеуімен құттықтады

  Отандық ғалымдар халықаралық стандарттарға сай келетін қажетті тест жүйесін қысқа мерзімде жасап шықты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Масғұт Айқымбаев атындағы Аса...

Германияның Бундеслигасындағы клуб стадионын емдеу орталығына айналдырды

Германияның бірінші футбол лигасындағы (Бундеслига) «Боруссия Дортмунд» клубы коронавирустың жаңа түрімен күресу аясында "өзінің стадионы емдеу орталығына айналады" деп мәлімдеді. Клуб  мәлімдемесінде шамамен 81 мың...

Шымкентте COVID-19 вирусын жұқтырғандарға госпиталь ​салынуда​ ​

Төтенше жағдай кезінде науқастарды қабылдайтын госпиталь тез құрастырылатын материалдардан тұрғызылады. Оған қажетті құрылыс заттары толықтай отандық. 400-ге жуық жұмысшы жергілікті жерден тартылған. Қала әкімі карантин...

ЮНЕСКО-ға адамзаттың материалдық емес мұрасы ретінде төрт жәдігер ұсынылды

Бұл туралы бауырлас Түркия республикасының Мәдениет және туризм министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ұлттық кандидат ретінде "Көркем жазу: Ислами калиграфия өнері", бірлескен күйде Түркияның басшылығында Әзербайжанмен...

Шымкентте шала туған үшемдер аман қалды

  Шымкент қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері мерзімінен бұрын туған үшемді аман алып қалды. Өкпесі дұрыс дамымай туған нәрестелердің үшеуі бірдей дүниеге келе сала жасанды тыныс...

Шұғыл: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шаралары күшейтілді

Президент жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті. Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Президент жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, шектеу шараларын бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы әділет министрі М. Бекетаев пен бас прокурор Ғ. Нұрдәулетов, республикалық маңызы бар қалалардағы ахуал туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов, Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов, азық-түлік қауіпсіздігі және әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаны белгілеу туралы сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров және мемлекеттік органдардың басқа да басшылары баяндады.

Мемлекеттік комиссия биылғы 28 наурыз күнгі сағат 00.00-ден бастап келесі шараларды қабылдау арқылы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін күшейту туралы шешімді  бекітті:

  1. Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуын шектеу;
  2. Халық көп жиналатын орындарды жабу (саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және т. б.);
  3. Қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу;
  4. Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салу (отбасы мүшелерінен басқа);
  5. Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салу.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласындағы Абай ауданында «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын үй алабында үйді-үйді аралауды ұйымдастырумен 14 күнге созылатын карантин енгізіледі.

Шымкент қаласында сонымен қатар әуежайдың, теміржол вокзалы және автовокзалдың, балабақшалардың жұмысы тоқтатылады. Халық көп жиналатын жерлер жабылады (саябақтар, скверлер, жаяу жүргінші көшелері, ойын алаңдары т. б.). Қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы сағат 18.00-ге дейін шектеледі (сағат 18.00-ден сағат 22.00-ге дейін үйге жеткізумен). Қоғамдық көлік қозғалысы кезең-кезеңмен шектеледі. Азық-түлік дүкендерінің, сауда орталықтары мен киім-кешек базарларының, қызмет көрсететін нысандардың жұмыс режимін шектеу Шымкент қаласының әкімінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне Әділет министрлігімен бірлесіп шектеу шараларын енгізу бойынша тиісті актіні қабылдауды тапсырды.

Отырысқа қатысушылар сонымен қатар тұрғындарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету және олардың бағасын тұрақтандыру, көктемгі каникулдан кейін мектеп оқушыларының қашықтан оқуын ұйымдастыру (биыл 6 сәуірден бастап), сондай-ақ шетелде қалған, отанға оралуға ниетті ҚР азаматтарына қолдау көрсету мәселелерін қарастырды.

Соңғы жаңалықтар

Евровидение-2020: Ежегодный конкурс пройдёт в формате специального шоу

  65-ый ежегодный Международный конкурс песни Евровидение-2020 планировалось провести в Роттердаме-одном из крупнейших городов королевства Нидерланды. Однако, в связи с распространением COVID-19 организаторы "Евровидения" приняли...

Шымкентте COVID-19 вирусын жұқтырғандарға госпиталь ​салынуда​ ​

Төтенше жағдай кезінде науқастарды қабылдайтын госпиталь тез құрастырылатын материалдардан тұрғызылады. Оған қажетті құрылыс заттары толықтай отандық. 400-ге жуық жұмысшы жергілікті жерден тартылған. Қала әкімі карантин...

Шымкентте шала туған үшемдер аман қалды

  Шымкент қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері мерзімінен бұрын туған үшемді аман алып қалды. Өкпесі дұрыс дамымай туған нәрестелердің үшеуі бірдей дүниеге келе сала жасанды тыныс...

Шымкенттік еріктілер онлайн көмекке көшті

Шымкент қаласының аумағында 4 сәуір сағат 21:00-ден бастап карантин енгізілгені белгілі. Дегенмен кейбір азаматтар ол жүйеге немқұрайлы қарап,  өз аулаларында серуендеп, көшелерде бейберекет қозғалысын...

Шымкенттің әкімі жиналысты қандай форматта өткізіп жүр?

Жиында карантиндік режимнің сақталуы және жұмыспен қамту жайы қаралып, шаһар аумағындағы ірі 4 көтерме базар мен блок бекеттердегі сақтық шараларын күшейту жайы талқыланды. Аудандарда жүріп...

Түркістандық кәсіпкер коронавирусқа қарсы күреске 25 миллион теңге аударды

Корнавирусқа қарсы күресті күшейту, көмекке аса мұқтаж тұрғындардың әл-ауқатын көтеру мақсатындағы акцияға өңірдегі кәсіпкерлер, мәслихат депутаттары мен меценаттар атсалысып жатыр. Азаматтық пен жомарттық сынға...

Алматыда COVID-19 дертінен тағы екі адам айықты

  Алматыда 6 сәуірдегі түске дейінгі мәліметтерге сәйкес, коронавирустық инфекция жұқтырудың расталған 116 жағдайы тіркелді.​ Бүгін коронавирустық инфекциядан сауығып қалған тағы екі пациент ауруханадан шығарылды. Бұл...

42 500 теңге алу үшін өтінім беретін бот іске қосылды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы бірлесіп, Telegram мессенджерінде әлеуметтік төлем алу үшін өтініш беруге арналған...

Тоқаев ғалымдарды коронавирус анықтайтын тест жүйесін әзірлеуімен құттықтады

  Отандық ғалымдар халықаралық стандарттарға сай келетін қажетті тест жүйесін қысқа мерзімде жасап шықты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Масғұт Айқымбаев атындағы Аса...