#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«SHYMKENT CITY» ЖОБАСЫНА «HIGHVILL» КОМПАНИЯСЫ 160 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ САЛДЫ

"«Shymkent City»-дегі тұрғын үй құрылысына 160 млрд теңгенің меморандумына қол қойылды", деп хабарлайды Аdym.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте әлемге әйгілі «Highvill» компаниясы тұрғын үйлер салмақ. Бүгін «Шымкент» ӘКК, «Highvill» құрылыс компаниясы мен Шымкент қаласының әкімдігі осындай үш жақты меморандумға қол қойды.

Көп қабатты үйлер «Shymkent City» аумағына салынады. Құрылыс компаниясы осы мақсатта 160 млрд теңге шамасында инвестиция құймақ. Компания салатын құрылыс алаңының жалпы ауданы 52 гектар болмақ, ондағы үйлер кешенінде 5500 пәтер мен 6700 орындық көлік тұрағы қаралған.
Компанияның бұл пәтерлері ақылды технологияға негізделген. Мәселен, елордадағы «Highvill» кешенін астаналықтар «Қала ішіндегі қала» деп атайды. Себебі өзіндік дәріхана, сауда орны, сұлулық салоны, балалар орталығы, гүлдер дүкені, дәмхана мен дәмі тіл үйірер мейрамханалары бар.
— Меморандумға қол қою – тарихи қадам, — дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ғабит Мәуленқұлов. — Әкімдік «Shymkent City» аумағынан салымшыларға құрылыс үшін 51,5 гектар жерді бөлді. Бұл жерде тек әлеуметтік емес, бизнес-кластағы тұрғын үйлер де салынады.
Өз кезегінде «Highvill»-Kazakhstan» компаниясының бас директоры Канг Джон-Дэ «Шымкент – Қазақстанның үшінші мегаполисі ретінде компанияға озық тәжірибені енгізуге мүмкіндік беретін алаң ретінде қызықты болып отыр» деп атап өтті.
— Біз әкімдікке Шымкентте үй салуға мүмкіндік бергеніне алғысымызды білдіреміз. Біздің компания 2004 жылдан бері құрылыс саласында жұмыс істеп келеді және осы жылдар бойы жинақталған тәжірибені Шымкентте салынатын үйлерде жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз, — дейді Канг Джон-Дэ.
Сондай-ақ, «Шымкент» ӘКК директоры Айтмұхамбет Алдажаров бүгін көптен күткен келісімге қол жетіп отырғанын, сапалы тұрғын үй кешендерін салудағы «Highvill»  компаниясының жаңа ізденістегі жұмысын оң бағалайтынын жеткізді.
Айта кетейік, «Шымкент сити» —  қаланың солтүстік аймағында орналасқан, 12 орамнан тұратын тұрғын үй кешені. Онда шағын және орта кәсіпкерлік нысандары, сауда орталықтары, емхана, ойын-сауық орталығы, гүлзар мен демалыс аймағы болады деп күтілуде. «Highvill» компаниясы – Кореяда тұрғын үй салудағы ең танымал бренд. Компания ыңғайлылық пен инновацияға аса мән береді.

Соңғы жаңалықтар