#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкентте 23 мың гектар аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары егілуде

Қала аумағында көктемгі егіс науқаны басталып,  23 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдар егілді, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

фото қала әкімдігінің ресми сайтынан

Тарқатып айтар болсақ, шаһардағы ауыл шаруашылық мақсатындағы алқапқа дәнді дақылдар – 7,0 мың га (бидай – 5,8, арпа – 1,2), майлы дақылдар – 3,3 мың га, мал азықтық дақылдар – 10,9 мың га, көкөніс пен бақша дақылдары – 1,7 мың га, картоп – 0,1 мың га егіледі.

Егіс көлемінен 81,0 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Сонымен қатар, 2025 жылға шаруашылықтардан жалпы 919 тонна дизель отынына өтінім қабылданған. Көктемгі егін егу жұмыстарына – 616 тонна, күзгі егін жинау жұмыстарына – 303 тонна жанар жағар май бөлінеді.

Соңғы жаңалықтар