Жуырда «Өмірлік таңдау» республикалық ауқымды жоба жетекшілері адал еңбегімен көпке үлгі шаңырақ иелерін, оның ішінде техникалық мамандықтардың мәртебесін көтеру, қоғамда кәсіби білікті мамандар даярлау мақсатында үлгілі отбасыларға байқау жариялаған болатын. Сол дүбірлі додада көптің таңдауы Оңтүстіктені теміржолшы Тазабек Жаңабаевтың отбасы — кейінгі толқынға өнеге деп танылды.
«Біз Қабылсай деген елдімекенде туып, өстік. Пойыздың үстінде жүріп өстік десем де болады. Көргеніміз сол — теміржол. Осы інілерім, балаларым, қыздарым да осы салада жұмыс істеп жатыр. Бейнеттің зейнетін көріп жатырмын. Менің ізімді балаларым жалғап отыр», дейді теміржол саласының ардагері Тазабек Жаңабаев.
Тазабек Жаңабаев еңбек жолын 1970 жылы бастаған. 17-сінде инженер атанған жас жігіт Арыстағы белгі беру және байланыс стансасында 46 жыл бойы табан аудармай, тер төкті. Қарапайым жол монтерінен бастап, теміржол саласында басшы лауазымына дейін көтерілді.
Теміржол саласының ардагерінің айтуынша бұл жоғары білімді қажет ететін сала. Сондықтан осы техникалық салаға теміржолға мамандары ауадай қажет. Жастар көп қызығушылық танытып, ерінбей еңбек етсе, отандық теміржол саласы да дами түседі деген пайымда.
Атадан балаға мұра болған кәсіптің қыр-сырын әкесі Жаңабай үйреткен. Ал, анасы Райхан Күшiкбаева болса, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойына сіңірді. Көпшіл болуға үндеді. Тазабек қарияның 9 бауыры бар. Алтын құрсақты анасы олардан 25 немере, 28 шөбере сүйiп отыр. «Жастайымыздан жұмысқа жегiлдiк. Қиындықтарды да бірге көрдiк. Ұзақ жасауымыздың кiлтi – еңбекте», — дейді Райхан әже. Мерейлі отбасы спорттан да, өнерден де кенде емес.
«Спорт саласында «Бір атаның балалары футбол ойнайды» деген республикалық жарыс өтеді. Оған біз бұрыннан қызығып жүретінбіз. 2015 жылдан бастап, «Жаңабаевтар» әулеті мини футболдан өз командасын құрып, түрлі жарыстарға қатысамыз. Жақында 8-9 желтоқсан күндері республикалық жарысқа аттанамыз», дейді теміржолшы Панзарбек Жаңабаев.
Бұл – Арыс қалалық байланыс дистанциясы жөндеу-технологиялық учаскесі. Өндірісі өрге басқан жұмыс орнында алдыңғы қатарда қызмет етіп келе жатқандардың еңбек өтілі 30 жылдан асқан. Ең кемі – 15 жыл. Үздік қызметкер қатарындағы Дәмет Шынтаева Жаңабаевтар әулетінен үлкен тәлім алған. Қай ұл-қызымен бірге жұмыс істесе де, кәсіпқойлықты, адалдықты, жұмысқа деген тиянақтылықты көрді.
«Осы кісілердің қолынан теміржолдағы бағдаршамдардың, жүріп жатқан пойыздарға ықпал ететін приборлардың бәрі осы цехта өзіміздің қолдан шығады. 00:02:11 Біз жұмысқа келген кезде Тазабек аға электромеханик болатын. Қоластында қызмет еттік. Ұстаз ретінде осы кісінің жолын берсе дейміз», дейді Арыс қалалық байланыс дистанциясы жөндеу-технологиялық учаскесінің жұмысшысы Дәмет Шынтаева.
«Үздік еңбек әулеті». Осы номинация бойынша Жаңабаевтар былтыр жеңiмпаз атанды. Еңбек күнi мерекесiне орай, елдi алға жетелейтiн күш: еңбек пен бiрлiк екенiн атап өткен өңір басшысы іскерлiгiмен дараланған еңбек озаттарын марапаттады. Адал еңбегімен өзгелерге үлгі болған Жаңабаевтар әулеті «Қазақстан Темір Жолы» АҚ мұражайында алтын әріптермен жазылып тұр.