#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Қоғамдық қабылдауда әлеуметтік қамтамасыз ету саласы бойынша өтініштер қаралды

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева азаматтардың өтініштерін тыңдады, деп хабарлайды Адым кз ақпараттық сайты Түркістан облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Онлайн-офлайн форматтағы қоғамдық қабылдауда басқарма басшысына атаулы әлеуметтік көмек алу, тұрақты жұмысқа орналасу, мемлекеттік бағдарламаларға қол жеткізу, әлеуметтік көмек қажеттігі төңірегінде сұрақтар қойылып, өтініштері қаралды. Олардың бірқатары қабылдау барысында шешімін тапты.
Мәселен, Түркістан қаласының тұрғыны көп балалы ана С.Жуматаева атаулы әлеуметтік көмекке, сонымен қатар әлеуметтік жағдайын ескере келе мектеп жасындағы 5 баласына мектепке киім кешек қажеттігі бойынша өтінішін білдірді . Өтініші бойынша басқарма басшысы Әсия Құралқызы өтініш иесінің атында жер телімі тіркелгендіктен заңға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайтындығы түсіндірілді. Сонымен қатар, мектеп жасындағы балаларына демеушілер тарапынан киім-кешекпен қамтамасыз етілетіндігі хабарланды.
Сонымен қатар, қала тұрғыны жалғыз басты ана Д.Сайдиллаева атаулы әлеуметтік көмек қажеттігі бойынша өтінішін білдірді. Өтініші бойынша «Мансап» орталығы директоры Е.Шыңғысбаевқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындау заңдылығына сәйкес құжаттарын қабылдап, тағайындау қажеттігі бойынша тапсырма берілді.
Сондай-ақ, Отырар ауданының тұрғыны Г.Тажі жұмыспен қамту орталығы арқылы ақылы қоғам, жастар практикасы арқылы тіркеліп жұмыс атқарып жатқан қызметкерлердің еңбек ақыларын уақытылы кешіктірмей төлесе деген өтініші бойынша басқарма басшысы Әсия Темірбаева «Жұмыспен қамту орталығы» «Мансап» орталығы болып өзгеруіне байланысты қаражат кешіктіріп жатқандығы түсіндіріліп, өз атынан кешірім сұрайтынын жеткізіп, еңбек ақылары 10-15 тамыз аралығында толық төлененін хабарлады.
Сонымен қатар, Асия Темирбаева әлеуметтік желі арқылы өткен тікелей эфирде тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмек кімдерге тағайындалатыны туралы мағлұматтармен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар