#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түлкібас ауданының Түркістандағы мәдениет күндері өз мәресіне жетті. Мерекелік шараны «Салт дәстүр – сан ғасырлық саф мұра» атты ән, жыр мен ұлттық салт-дәстүрлер көрінісі қорытындылады, деп хабарлайды Adym.kz облыстық Мәдениет басқармасына сілтеме жасап.

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды.
Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы алаңында аудан өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт өткен болатын. Мұнда Түлкібас ауданының мақтаныштары – Сәкен Қалымов, Индира Расылхан, Мамадияр Таукеев бастаған елімізге танымал жұлдыздар өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарын ән мен жырға бөледі. Мерекелік кешке аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов, Түркістан облысы мәслихатының депутаты Нұрайым Шахимерген және облыстық мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы қатысқан болатын.
Ал өнер додасының екінші күнінде этноауылда фото, қылқалам, қолөнер шеберлері, «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығының және «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық паркінің этнографиялық коллекциялық көрмесі жасақталған. Сондай-ақ спорттық ойындардан сайыс өтіп, жеңімпаздар марапатталған болатын.
Айта кетейік, аталмыш фестиваль шілде айының соңына дейін өтеді. Келесі көшті 26-28 мамыр аралығында Созақ ауданының өнерпаздары жалғастырады.

Соңғы жаңалықтар