#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Антикор ШҚО көлік инспекциясындағы пара алу схемасын әшкереледі

Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігінің жүргізушілерінен пара алған Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің қылмыстық тобы әшкереленді.

Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігінің жүргізушілерінен пара алған Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің қылмыстық тобы әшкереленді. Күнделікті пара сомасы 150-ден 500 мың теңгеге дейін болды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерінен құрылған қылмыстық топ әшкереленген.

Жүк көлігінің жүргізушілері қол алысып амандасу кезінде инспекция қызметкерлеріне 10-нан 50 мың теңгеге дейін пара берген. Бұл жүк көліктерінің өңірде кедергісіз қозғалуына мүмкіндік берген. Жемқор шенеуніктердің бір тобы парадан күн сайын 150-ден 500 мың теңгеге дейін алып отырған. Антикор барлығы 20-дан аса деректі анықтаған.

4 адамға қатысты сот бұлтартпау шарасын — «қамауға алуды» таңдады, қалған шенеуніктер өз кінәсін толық мойындап, тергеу барысында ынтымақтастық танытқан.

Соңғы жаңалықтар