#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркия 1 шілдеден бастап бірқатар елмен әуе қатынасын тоқтатпақ

Түркия 1 шілдеден бастап Бангладеш, Бразилия, Непал, Үндістан, Шри-Ланка және Оңтүстік Африка Республикасы сияқты алты мемлекетпен әуе қатынасын белгісіз мерзімге дейін тоқтатпақ.

Түркия 1 шілдеден бастап Бангладеш, Бразилия, Непал, Үндістан, Шри-Ланка және Оңтүстік Африка Республикасы сияқты алты мемлекетпен әуе қатынасын белгісіз мерзімге дейін тоқтатпақ, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Анкара коронавирустың жаңа штамдарының алдын алу мақсатында бірқатар елмен әуе қатынасын тоқтады.

«Бұл елдерден Түркияға тікелей рейстерге тыйым салынады. Соңғы 14 күн ішінде Бангладеш, Бразилия, Непал, Үндістан, Шри-Ланка және Оңтүстік Африкада болған Түркияға келушілер республикаға кірерден 72 сағат бұрын жасалған  ПТР тестінің теріс нәтижесі көрсетілген анықтаманы ұсынуы керек. Осыдан кейін олар 14 күндік карантинге жіберіледі», делінген елдің ІІМ таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар