#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Құқық қорғау органдары академиясының ректоры тағайындалды

Тимур Сүлейменов Құқық қорғау органдары академиясының ректоры болып тағайындалды.

Тимур Сүлейменов Құқық қорғау органдары академиясының ректоры болып тағайындалды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқық қорғау органдарының кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссиямен келісім бойынша Бас Прокурордың бұйрығымен Құқық қорғау органдары академиясының ректоры лауазымына 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы тағайындалды», — делінген хабарламада.

Тимур Қайырбекұлы 1975 жылы 28 ақпанда Новосибирск қаласында дүниеге келген.

1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітіргеннен кейін еңбек жолын Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасында бастаған.

2001-2006 жылдар аралығында Алматы қаласының прокуратурасында, Әуезов ауданы прокурорының орынбасары, Түрксіб ауданының прокуроры лауазымдарын атқарды.

2006 жылы Алматы қаласы прокурорының орынбасары, ал 2008 жылы бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2013-2017 жылдары Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2017 жылдан бастап Қостанай облысының прокуратурасын басқарды.

Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.

Соңғы жаңалықтар