Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі аңшылыққа арналған мылтықтан жарақат алды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Тұрғын үй кешенінің күзетшісі («Бұхар Жырау Тауэрс») мен белгісіз ер адамның арасында туындаған жанжал салдарынан күзетшінің аяғы, алдын-ала мәлімет бойынша, аңшылық мылтықтан жараланды. Ол ауруханаға түсті», — деді қалалық полиция өкілдері.
Оқиға болған жерге полицейлер барды, күдіктіні ұстау бойынша шаралар қабылданды.