Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінен автокөлік табылды. Суға батып кеткен көліктің ішінде ер адам мәйіті табылған, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Қызылжар ауданы, Қызылжар ауылында болған. Суға батып кеткен жол талғамайтын көлік трактордың көмегімен шығарылды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Есіл өзенінен Toyota Surf автокөлігін шығару бойынша, көліктен Петропавл қаласы тұрғынының мәйіті табылды, Қызылжар ауданының полиция бөлімшесі «001» санаты бойынша соталды тергеу бастады. Сараптамалар тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деді СҚО ПД баспасөз қызметінің өкілдері.