2021 жылы ақпанда Қазақстанда адам саны 18,8 миллионға жетті. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
2021 жылдың 1 ақпанында қазақстандықтар саны 18 миллион 897,9 мыңға жетті. Қаладағы адам саны — 11 миллион 169,7 мың не 59,1 пайыз, ал ауылдағы адамдар саны 7 миллион 728,2 мыңға не 40,9 пайызға жетті. 2020 жылдың 1 ақпанымен салыстырғанда адам саны 244,4 мыңға не 1,3 пайызға өскен.
Табиғи өсім бойынша, 2021 жылдың қаңтарында 2020 жылдың қаңтарымен салыстырғанда республика халқының саны 821-ге не 3,6 пайызға азайған.
Бюро мәліметінше, қаңтарда 34,2 бала өмірге келген, бұл былтыр қаңтармен салыстырғанда 0,6 пайызға аз.
Биыл қаңтарда 12,5 мың адам өлген, бұл былтыр қаңтармен салыстырғанда 5,1 пайызға көп.
Сонымен қатар, биыл қаңтарда бір жасқа дейінгі 241 бала қайтыс болды.