Қазақстандағы 14 өңірдің 11-інде жолдар жабық. Себебі — қар, мұз, боран, жолдың нашар көрінуі. Жолдардың жабылуы туралы ақпаратты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі берді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақмола облысындағы жабық жолдар:
- Екатеринбург-Алматы, Нұр-Сұлтаннан Қарағанды облысы шекарасына дейінгі учаске;
- Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау, Қабанбай батыр ауылынан Қарағанды облысы шекарасына дейін;
- Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті, Нұр-Сұлтаннан Павлодар облысы шекарасына дейінгі учаске;
- Нұр-Сұлтан-Қорғалжын, Нұр-Сұлтаннан Қорғалжын қорығына дейін.
Ақтөбе облысында:
- Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай, Жүргенов кентінен Қостанай облысы шекарасына дейін;
- Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы, Қарауылкелді кентінен Атырау облысы шекарасына дейін;
- Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай, Қарабұтақ ауылынан Жургенев кентіне дейін.
Алматы облысында:
- Үшарал-Достық 84-184-шықырымы, Көктұма станциясынан Достыққа дейін;
- Алматы-Өскемен, Қапшағай қаласынан Талдықорғанға дейін.
Атырау облысында:
- Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы, Сағыз ауылынан Мақат ауылына дейін;
- Атырау-Орал, Индербор ауылынан Батыс Қазақстан облысы шекарасына дейін;
- Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы, Қарабатан ауылынан Доссор ауылына дейін;
- Атырау-Орал, Алмалы ауылынан Индербор ауылына дейін;
- Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау, Доссор ауылынан Маңғыстау облысы шекарасына дейін.
Шығыс Қазақстан:
- Өскемен-Шемонаиха-Ресей шекарасы, Шемонаиха қаласынан Ресей шекарасына дейін;
- Өскемен-Риддер-Белоусовка кентінен Риддерге дейінгі Ресей шекарасы.
Жамбыл облысында:
- Алматы-Ташкент-Термез, Айша-бибі ауылынан Түркістан облысы шекарасына дейін.
Қарағанды облысында:
- Жезқазған-Петропавл, Сәтбаев қаласынан Қостанай облысы шекарасына дейін;
- Екатеринбург-Алматы, Қарағандыдан Ақсу-Аюлы кентіне дейін;
- Екатеринбург-Алматы, Ақмола облысы шекарасынан Теміртау қаласына дейін;
- Екатеринбург — Алматы, ПВП-Теміртау учаскесі;
- Қызылорда-Павлодар, Қарағандыдан Павлодар облысы шекарасына дейін;
- Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау, Ақмола облысы шекарасынан Теміртауға дейін;
- Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботақара, Павлодар облысышекарасынан Ботақара ауылына дейін;
- Қызылорда-Павлодар, Жезқазған қаласынан Топар ауылына дейін;
- Екатеринбург-Алматы, Қарағанды қаласынан Балқашқа дейін;
- Қарағанды-Аягөз-Бұғаз Қарағанды қаласынан Шығыс Қазақстан облысы шекарасына дейін.
Қостанай облысында:
- Жезқазған-Петропавл, Қарағанды облысы шекарасынан Ақмола облысы шекарасына дейін;
- Денисовка-Жітіқара-Муктыкөл-Ресей шекарасы Жітіқара қаласынан Ресей шекарасына дейін;
- Денисовка-Аршалы-Комаровка, Денисовка ауылынан Комаровка ауылына дейін;
- Жетіқара кентінен Чайковский кентіне дейін;
- Екатеринбург-Алматы, Қарабалық кентінен Қостанайға дейін;
- Денисовка-Жітіқара-Муктыкөл-Ресей шекарасы, Денисовка кентінен Жітіқара қаласына дейін;
- Қостанай қаласының айналма жолы 0-21 шақырым.
Павлодар облысында:
- Қызылорда-Павлодар, Қарағанды облысышекарасынан Шідерті кентіне дейін;
- Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботақара, Баянауыл ауылынан Қарағанды облысы шекарасына дейін;
- Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті Ақмола облысы шекарасынан Шідерті ауылына дейін.
Солтүстік Қазақстан облысы:
- Петропавл-Соколовка, Соколовка ауылынан Ресей шекарасына дейін;
- Петерфельд — Архангельск-Новокаменка ;
- Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Киров-Қиялы-Рощинское;
- Рощинское-Корнеевка-Волошинка;
- Волошинка-Сергеевка-Тимирязев-Волошинка ауылынан Тимирязевқа дейін;
- Тимирязев-Сарыкөл-Қостанай облысы шекарасы, Тимирязев ауылынан Қостанай облысы шекарасына дейін;
- Петропавл қаласы әуежайына кіреберіс жол;
- Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-Ресей шекарасы, Кішкенекөл ауылынан Ресей шекарасына дейін
Түркістан облысында:
- Алматы-Ташкент-Термез, Жамбыл облысы шекарасынан Машат ауылына дейін.