Әлеуметтік желіде Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінде болған жарылыс видеосы тарады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция өкілдері бұл бірнеше күн бұрын төтенше жағдай болған жатақхана екенін растады.
Тұрғын үйдің 120 тұрғыны уақытша көшірілді, көпқабатты үйде жөндеу жұмыстары басталды.
Айта кетейік, Петропавлдағы бұрынғы жатақхана ғимаратында 21 ақпанда өрт шыққаны хабарланған еді. ТЖД алдын-ала тексеру нұсқасы бойынша, бірінші қабаттағы кафеде газ баллоны жарылған.
Екі адам қаза болды, үшеуі реанимацияда. Зардап шеккендердің арасында он жасар бала бар.
Тұрғын үйден 120 адам эвакуацияланды. Петропавл әкімдігі жергілікті мәдениет үйінде әлеуметтік көмек жиналысын жариялады.
Облыс прокуратурасы ҚР ҚК-ның 292-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Жедел-тергеу тобы құрылды.