#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстанда туризмді қолдауға 163 миллиард теңге бөлінеді

Қазақстанда туризмді қолдауға 2025 жылға дейін 163,7 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр.

Қазақстанда туризмді қолдауға 2025 жылға дейін 163,7 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов мәлімдеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Вице-министрдің айтуынша, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» заң жобасы аясында ковидтен кейінгі кезеңде ынталандырудың жаңа шаралары әзірленді.

«Шаралар пакеті Мәжіліске енгізіліп, 2025 жылға дейін 163,7 миллиард теңге сомасына алдын ала мақұлданды. Жоба аясында туроператорларды әрбір шетелдік турист пен балаларға арналған ішкі ұшулар үшін субсидиялау, туристік нысандар мен жол бойындағы сервис объектілерін салу кезінде тау шаңғысы базалары мен туравтобустарға арналған жабдықтарды сатып алуға инвесторлардың шығындарын өтеу, сондай-ақ турдестинацияларда санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп ұстауды субсидиялау жоспарланды», — деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында Әбдірахымов.

Ол заң жобасы Мәжілісте екінші оқыл

Соңғы жаңалықтар