Tengri Bank-тің бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Шайкенов ұсталды. Ақпаратты қаржы мониторингі агенттігі растады — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Иә, 2021 жылдың 16 ақпанында ҚПК қызметкерлері ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібінде «Тенгри Банк» АҚ-ның (Tengri Bank) бұрынғы төрағасы Е.Б. Шайкеновті шынымен ұстады, тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілмеді», — деп хабарлады ведомстводағылар.
Бұған дейін Tengri Bank экс-менеджерлеріне халықаралық іздеу жарияланғаны хабарланған болатын. Олар Tengri Bank АҚ Әкімшілік-шаруашылық департаментінің бұрынғы директоры Бақытов Алмас Бақытұлы мен оның бақылауындағы компаниялардың бірінің басшысы Рахметова (Байжанова) Тоғжан Тілеужановна. Tengri Bank экс-менеджерлері 5,4 миллиард теңге ұрлады деген күдікке ілінген.
9 қарашада Алматының тергеу соты Бақтияр Ілиясовқа, Әсет Жадықовқа және тағы бір сыбайласы Н. Жылқыбаеваға қатысты бұлтартпау шарасын — екі айға дейінгі мерзімге күзетпен ұстауды санкциялады.