Атырауда қоғамдық көлікпен жүру қауіпке айналғалы тұр. Өйткені автобус жүргізушілері бір күнде ережені 170 рет бұзады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
«Іс-шараның алғашқы күнінде облыста автобустарға қатысты 170 заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде 42 автобус жүргізуші маневр жасау қағидаларын бұзған. Сондай-ақ 38 жүргізушінің рульде телефонмен сөйлескені белгілі болды. Көлік жылдамдығын асырған 8 жүргізуші жауапқа тартылды. Ал 19 автобус міндетті техникалық тексеруден өтпеген болып шықты», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.