Аудандық мәслихатқа үміткер Зағира Жусупова үгіт-насихат жұмысын Ескіқорғанда ауылынан бастады. Бұл ауыл «Қ.Қонысбаев» кеден бекетінің маңындағы үлкен ауыл. Жергілікті халық «Газ елді мекені» деп атап кеткен Ескіқорған ауылының аймағына кіретін 40-тан астам отбасы тұратын екі көшеде қазақ, өзбек, түркмен отбасыларынан басқа қандастарымыз да бар. «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында мен аналармен бас қосты. Ана-отбасы тірегі, бір қолымен бесігін тербесе, екінші қолымен әлемді тербейді. Өз өмірінің 40 жылын ұстаздыққа арнаған, көпбалалы ана К. Турматованың, қажы ана З.Санакулованың отбасында болып сұхбаттасты. Ақ жаулықты аналарға партия жоспарындағы басым бағыттар ұнап, «Nur Otan» партиясына қолдау білдіретіндерін жеткізді. Одан кейін көпбалалы аналар Ж.Бауанова және З.Шалдыбаевалармен кездесті. Олар партияның пандемия кезіндегі көп отбасылардың әлеуметтік төлемдер алып, коммуналдық шығыстарының өтелгендігін айтып тұрмысқа қажетті азық-түлік себеттерін алған аналар атынан партияға ризашылық білдірді. Сондай-ақ санаулы күндер қалған сайлауда бірауыздан «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын айтып сәттілік тіледі.
Тіршілік тірегі болған аналарымыздың дендері сау болсын!